Жаңалықтар

Алматыда ұландық офицер әйелдің өмірін сақтап қалды

Алматыда ұландық офицер әйелдің өмірін сақтап қалды
Фото: Polisia.kz 17.03.2025 16:41 83

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының офицері Аманғали Семенов қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұландық офицер тұрғын үйдің төртінші қабатынан секірмек болған әйелді құтқарды. Оқиға 16 наурызда күндізгі уақытта Алматының көппәтерлі үйлерінің бірінде болған. Аманғали оқиға орнына кездейсоқ тап болған, жоғарыға қарап тұрған адамдарды көріп, не болып жатқанын білмек болды. Бұл уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, әйелді тағдырлы қадамнан бас тартуға көндіруге тырысып жатқан еді. Ұландық офицер уақыт жоғалтпай, жоғарғы қабаттан арқанмен төменге түсіп, көрші терезеден пәтер ішіне кірді. Бірден қонақ бөлмеге өтіп, асқан сақтықпен секіргелі тұрған әйелді артқа қауіпсіз жерге сүйреп шығарды. Әскери қызметші мен полицейлердің кәсіби әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді.

Оқиға орнына келген дәрігерлер әйелге қажетті көмек көрсетті, ал құзыретті органдар қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға