Жаңалықтар

Алматыда туысын пышақтап өлтірген әйел ұсталды

Алматыда туысын пышақтап өлтірген әйел ұсталды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 23.07.2024 17:51 669

Алматыда кісі өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кешкі сағат 17:00 шамасында аса ауыр қылмыс жасалған. Алмалы ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде денесінде пышақ жарақаттары бар ер адамның мәйіті табылды.

Адам өлтірді деген күдікпен «Буран-065» патрульдік полициясының экипажы әйел адамды ұстады. Ол өлтірілген ер адамның туысы екені анықталды. Олардың арасында кикілжің болып, нәтижесінде әйел адамның қолына пышақ алғандығы белгілі болды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды. Басқа да мән-жайлар анықталады, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.  ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға