Жаңалықтар

Алматыда туристер үшін жаңа ақпараттық орталық ашылады

Алматыда туристер үшін жаңа ақпараттық орталық ашылады
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 14.05.2024 17:11 400

Биыл 15 мамырда Достық даңғылы мен Оспанов көшесінің қиылысында (Терренкурдың соңғы нүктесі) туристер үшін жаңа ақпараттық орталық ашылады. Жұмыс уақыты 10:00-ден 20:00-ге дейін, демалыссыз жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұл қаладағы 9-шы жаңа туристік ақпараттық орталық болмақ. Визит нүкте граффити элементтері қолданыла отырып заманауи дизайнда жасалған.

Ақпараттық орталықта қаланың көрікті жерлері туралы кәсіби кеңестер беріледі, саяхатшыларға карталар, нұсқаулықтар, маршруттар атластары мен өзге де қажетті материалдар беріледі, - делінген мәліметте.

Былтыр ақпараттық нүктелерге бару статистикасы шетелдік туристердің қалаға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Өткен жылы Алматының ақпараттық нүктелерінде 21 391 шетелдік турист кеңес алды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 80,3% артық. Ақпараттық нүктелердегі қызмет көрсету бойынша үздік 5 елге Германия, Үндістан, ҚХР, Ресей және Оңтүстік Корея азаматтары кіреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға