Жаңалықтар

Алматыда тұрғынға қарулы шабуыл жасағандар ұсталды

Алматыда тұрғынға қарулы шабуыл жасағандар ұсталды
Фото: polisia.kz 17.01.2023 15:51 758

Алматыда тұрғынға қарулы шабуыл жасап, 2,5 млн теңгені иемденіп алған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда қарақшылық шабуылға қатысушылар ұсталды.

– Қылмыс Саина мен Ұлықбек көшелерінің қиылысына жақын жерде орын алған. Түнгі сағат он бірлер шамасында бес жас жігіт өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасаған. Тонаушылар ер адамды пышақпен қорқытып, жәбірленушінің телефонын тартып алған және мобильді банкинг арқылы жалған есепшотқа 2,5 млн теңге аударуға мәжбүрлеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің жеке басы анықталды. Олар ұсталды. Бұл – Алматы облысының 2000, 2001 және 2003 жылы туған тұрғындары. Қалада жастар жалдамалы пәтерде тұрды, еш жерде жұмыс істемеді. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігі бойынша сараланды, – деп хабарлады Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға