Жаңалықтар

Алматыда түнде тағы да жер сілкінісі тіркелді

Алматыда түнде тағы да жер сілкінісі тіркелді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 28.11.2024 09:35 105

Алматыда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 28 қарашада Астана уақытымен 01 сағат 31 мин жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 318 шақырым жерде орналасқан, - делінген хабарламада.

Сезілгені туралы мәліметтер: Есептік қарқындылығы Алматы 2 балды болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға