Жаңалықтар

Алматыда троллейбус аялдаманы соғып, адамды қағып кетті

Алматыда троллейбус аялдаманы соғып, адамды қағып кетті
Фото: Видеодан кадр 15.08.2024 22:06 448

Алматыда троллейбус аялдаманы қиратты. Алматы полиция департаменті жол апатының мән-жайы туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, жол апаты Алмалы ауданында болған.

Троллейбус жүргізушісі Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта, Мақатаев көшесінің оңтүстігінде келе жатып, рөлге ие бола алмай, жол апаты салдарынан аялдама мен ондағы жаяу жүргіншіні соқты. Жаяу адам зардап шекті, - деп хабарлады Алматы полициясы.

Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға