Жаңалықтар

Алматыда тоқалдарға арналған сөмке сатылып жатыр

Алматыда тоқалдарға арналған сөмке сатылып жатыр
Фото: Видеодан алынған кадр 16.05.2024 15:04 603

Қазақстандықтар сауда-ойын-сауық орталығына бойкот жариялауды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыдағы жарнамалардың бірі қазақстандықтардың ашуын туғызды. Себебі мұнда тоқалдарға арналған чемодандарды сатып алуды ұсынған.

Видеоны журналист Дана Орманбаева жариялаған. Алматыдағы сауда орталықтарында орналасқан бутиктердің бірі кіреберіске мынадай жазбамен жарнама жариялаған:

Тоқалға чемпион сатып ал.

Желі қолданушыларына дүкеннің мұндай маркетингтік қадамы ұнамаған.

«Бұл не деген бассыздық?», «Ма-маркетинг», «Тездетіп алып тастау керек», «Не деген мазақ», «Сауда орталығы мен оның иелеріне бойкот жариялау керек», - деп жазды қазақстандықтар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға