Алматыда тегін мұз айдындары ашылды
Мұз айдындары тәулік бойы жұмыс істейді
Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін төрт жерде тегін мұз айдыны ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Олар мынау мекен-жайларда орналасқан:
- Тұңғыш Президент саябағының алдында;
- Республика Сарайының алдында;
- Әуезов ауданында Ықылас 8 д мекенжайы бойынша, Таугүл ш/а;
- Шұғыла шағын ауданы, 347 мекенжайы бойынша Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында.
Келесі аптада Түрксіб ауданы Сейфуллин, 13 мекенжайы бойынша №6 Оқушылар үйінің алдында және Жетісу ауданындағы «Гүлдер» саябағында мұз айдындары ашылады.
Кіру – тегін, конькиді жалға алу құны (2 сағат) - 1000 теңге. Конькимен келгендерге тегін.
Жалға беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін ашық болады.
Айта кетейік, мұз айдындары тәулік бойы жұмыс істейді.
