Жаңалықтар

Алматыда тегін 12 мұз айдыны ашылады

Алматыда тегін 12 мұз айдыны ашылады
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 28.11.2024 07:13 99

Алматыда мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін 12 тегін ашық мұз айдыны жұмыс істейтін болады. Бұл туралы қалалық әкімдікке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Мұз айдындары күн сайын мынадай мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:  

Республика Сарайының алдындағы Абай алаңы;

Halyk Arena;

28 батыр-панфиловшылар атындағы саябақ;

Тұңғыш Президент саябағы;

Наурызбай әкімдігінің алдындағы алаң;

ҚБТУ тұрағы;

«Авиатор» стадионы;

Көкжиек ш/а;

«Гүлдер» саябағы;

Алматы Арена;

№6 оқушылар үйі;

Мүсірепов атындағы жасөспрімідер теартының алды.

Жоба бұқаралық спортты дамыту аясында және қала тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыру мақсатында іске асырылуда. Мұз алаңдарының ауданы мұз бетінің 500 м2 1 900 м2 тең. Барлық мұз айдындарының күтілетін өткізу қабілеті бір маусымда 300 мыңнан астам адамды құрайды, - делінген мәліметте.

Мұз айдындарында конькиді жалға беру пункттері жұмыс істейді. Конькиді жалға алу құны сеанс үшін 1,5 мың теңге (2 сағат). Беру пункттерінің жұмыс режимі жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс және мереке күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін. Конькимен сырғанау толығымен тегін.

Жоспарланған ашылу күні - мұз алаңдары үшін қолайлы ауа райы жағдайында биылғы 1 желтоқсан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға