Алматыда тауға шыққан екі турист адасып қалған
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
12.08.2024 22:39
550
Алматыда тауға шыққан екі турист адасып қалған. Олардың бірі - Ресей азаматы. Жас туристерге құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
22 мен 25 жастағы екі турист Үлкен Алматы шыңы жағындағы тауға серуенге шыққан. Бірақ маршрутты білмегендіктен жолдан адасып, 112 нөміріне хабарласып көмек сұраған.
Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы іздестіру жұмыстары Үлкен Алматы шыңының етегінде жүргізген. 12 тамызда туристер Екіөзек өзенінен жоғары тау шыңының шығыс жағындағы бастиондарда 2700 метр биіктікте табылды.
ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар туристерді таудан төменге түсіріп, ата-аналарына аман-есен тапсырды. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда су арналарынан 45 млн-ға жуық шабақ құтқарылды
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты