Алматыда тау бөктерінде қураған шөп отқа оранды
![Алматыда тау бөктерінде қураған шөп отқа оранды Алматыда тау бөктерінде қураған шөп отқа оранды](/storage/storage/element/2023/05/08/mainphoto/48953/1200xauto_wfIipsTMZRnz4qODMvuwWNILQ92QNQvxob4u1f2b.jpg)
Фото: Өрт туралы бейнежазбаның скриншоты
Фото: Өрт туралы бейнежазбаның скриншоты
08.05.2023 12:17
743
Алматыда Медеу ауданында қураған шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Тілсіз жаудың тұтануы туралы бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен таралған. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Кіші Алматы орманшылығы 33-аумағында қураған шөп жанып жатқанын мәлімдеді.
Оқиға орнында «Іле-Алатау» МҰТП қызметкерлерінен 27 адам және Төтенше жағдайлар департаментінен 22 маман, сондай-ақ 5 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.
Төтенше жағдайды ретке келтіру үшін қазіргі уақытта Медеу тауындағы өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» ұшағы шыққаны белгілі болды.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстауда теңіз жағалауынан өлген итбалықтар табылды
Келесі жаңалық
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығатын болды