Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді
Фото: Әлеуметтік желі
Фото: Әлеуметтік желі
31.01.2024 11:33
22540
Алматыда 2 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен өткен тәулікте 2024 жылғы 30 қаңтарда Қытай аумағында 6 жер сілкінісі тіркелді, оның біреуі Қазақстан аумағында 04:27-де сезілген. Оның эпиорталығы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында 2 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ.
ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға