Жаңалықтар

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI 09.03.2024 01:00 58498

ТЖМ қарасты Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының станциялар желісі 8 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 22 сағат 41 минут 18 секундта ел аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 682 шақырымда орналасқаны белгілі болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты: 8.9

MPV магнитудасы: 4.2.

Эпиошақ координатасы: 47.61° с.е. 82.97° ш.б.

Тереңдігі: 15 км.

MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы деректер: Қазақстан аумағында сезілген жоқ.

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының станциялар желісіндегі карта деректеріне қарағанда жер сілкінісінің аумағы Абай облысы, Ақсуат ауданынан Қытайға қарай шамамен 100 шақырым жерде екендігін байқауға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға