Жаңалықтар

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді
Фото: © Pixabay.com 30.01.2024 04:29 43029

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 30 қаңтарда Алматы уақытымен 04 сағат 27 мин 36 сек (2024 жылғы 29 қаңтар Гринвич бойынша 22 сағат 27 мин 36 сек) жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында орналасқан ( Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 293 км жерде).

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.3.

MPV магнитудасы 5.8.

Эпицентрдің координаттары 40.89° С. Е. 78.63° ш. б.

Тереңдігі 10 км.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында - 2 балл

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға