Алматыда тағы да жер сілкінді

Фото: Әлеуметтік желіден
Фото: Әлеуметтік желіден
26.01.2024 14:39
1079
Бүгін сағат 14: 17-де Алматы тұрғындары тағы да жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ресми мәліметтерге сәйкес, қала аумағында болған жер сілкінісі 2 балл болған.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 26 қаңтарда Алматы уақытымен 14 сағат 17 мин 56 сек (Гринвич бойынша 08 сағат 17 мин 56 сек) жер сілкінісі тіркелді, - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 269 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.1.
Магнитудасы MPV 4.9.
Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы 2 балл.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды