Жаңалықтар

Алматыда сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізіледі

Алматыда сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізіледі
Фото: Алматы әкімдігі 06.06.2024 20:19 526

Алматыда 12 маусым сағат 00:00-ден 14 маусым сағат 08:00-ге дейін сумен жабдықтау желілерінде технологиялық жабдықты ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты Жетісу ауданында Рысқұлов – Лобачевский – Сейфуллин – Ақпаев көшелерінің контурында суық су беру уақытша шектеледі.

Жұмыс барысында Түрксіб ауданының Рысқұлов даңғылы – Сейфуллин даңғылы – Жұмабаев көшесі – Жансүгіров көшесінің контурындағы су қысымының төмендеуі күтілуде.

Бекіткіш арматураны және өзге де технологиялық жабдықты ауыстыру жөніндегі жұмыстарды уақтылы орындау аталған учаскелердің тұтынушыларын сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік нысандар үшін автоцистерналармен су тасымалдау жүзеге асырылады.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. «Алматы Су» МКК диспетчерлік қызметі: 274-66-66

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға