Жаңалықтар

Алматыда суға батқан баланы құтқарған азамат марапатталды

Алматыда суға батқан баланы құтқарған азамат марапатталды
Фото: Алматы ТЖД 12.11.2024 16:23 223

Алматыда Есентай өзеніне батып бара жатқан жасөспірімді құтқарған 25 жастағы азаматқа мемлекеттік сыйлық табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Награданы Төтенше жағдайлар министрінің атынан Алматы қаласының ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев табыстады:

2024 жылғы 27 қазанда Алматыда баланы судан құтқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Қызылорда қаласының тумасы Әлихан Сәкенұлы Жақсылық "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды,- делінген ведомство ақпаратында.

Әлихан 2024 жылдың 27 қазанында Қызылордадан уақытша пәтер іздеп, Есентай өзенінің жағалауымен жүріп келе жатып, сағат 14:00 шамасында суға батып, көмек сұрап жатқан баланы көріп, көмекке жүгірген.  Жас азаматтың батылдығы мен шұғыл әрекеті батырлық пен адамгершіліктің үлгісіне айналды.

Шұғыл әрекет еткеніңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз — сіздің шешімталдығыңыз арқасында қайғылы жағдайдың алдын алынып, баланың өмірі сақталды, — деді ТЖД басшысы.

 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға