Жаңалықтар

Алматыда субұрқақта 17 жастағы бозбала көз жұмды

Алматыда субұрқақта 17 жастағы бозбала көз жұмды
Фото: Әлеуметтік желі 19.06.2024 19:05 715

Әл-Фараби атындағы атындағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақ маңында адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚазҰУ баспасөз қызметі қайтыс болған азамат университет студенті емес.

2024 жылдың 19 маусымында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағындағы субұрқақтың жанында жас жігіт қайтыс болды. Марқұм университеттің студенті емес. Жедел жәрдемнің алдын ала мәліметтері бойынша, өлімге жүректің тоқтауы әкелген. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға