Алматыда субұрқаққа түскен 17 жастағы бозбаланың неден қайтыс болғаны анықталды
Фото: коллаж El.kz
Фото: коллаж El.kz
23.07.2024 13:19
1591
Алматыда ҚазҰУ аумағындағы субұрқақ маңында қайтыс болған 17 жастағы бозбаланың өлімінің себебі анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оңтүстік-Шығыс өңірі бойынша өңіраралық сот сараптамасы орталығы директорының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары Миржан Байсадықов жігіттің қайтыс болу себебі анықталғанын жеткізді.
Өлім суға бату кезінде тыныс алу жолдарын су жауып қалып, соның салдарынан туындаған механикалық асфиксиядан болған, - деді сарапшы.
Сонымен қатар, ол жасөсіпірмді электр тогы соққан-соқпағанын анықтау мүмкін еместігін айтты.
Еске салайық, қайғылы оқиға 19 маусымда болған. Достарымен қалжыңдасып, субұрқақұа түскен 17 жастағы жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда жыл сайын 10 мың адамға имплант салынады