Жаңалықтар

Алматыда «Суасты мәдени мұрасы» фотокөрмесі ашылды

Алматыда «Суасты мәдени мұрасы» фотокөрмесі ашылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 17.09.2024 21:35 388

Алматыдағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесі Мемлекеттік орталық музейімен бірлесіп «Суасты мәдени мұрасы» фотокөрмесін ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бүгінде тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау мен зерттеуде музейлер басты рөл атқарады. Қазақстан Республикасының Орталық музейі еліміздің жетекші мекемесі ретінде Қазақстанның ғана емес, дүниежүзілік тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтауға, зерттеуге және насихаттауға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруда.

Алматыдағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің директоры Амир Пирич мырза:

Бүгін біз халықтың, музейге келушілердің, әсіресе жастардың назарын жалпы мәдени мұраны қорғау мәселелеріне аударғымыз келеді. Мәдени мұраны бірлесіп зерделеу және қорғау – бұл біздің адамдар санасында бейбітшілік орнату жолындағы қадамымыз! – деді көрменің ашылуында.

Орталық музей қала қонақтары мен тұрғындарын суасты мәдени құндылықтарын көрсететін бірегей көрмені тамашалауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға