Жаңалықтар

Алматыда су тасқыны мен көшкін қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізілді

Алматыда су тасқыны мен көшкін қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізілді
Фото: ТЖМ 02.02.2025 10:46 95

Талғар ауданында Алматы облысы әкімінің орынбасары А. Масабаев, облыстық ТЖД бастығы Д. Оразбеков, сондай-ақ аудан әкімдігі өкілдері мен салалық қызметтердің мамандардың қатысуымен су тасқыны мен көшкін қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тексерілген учаскелер:
 1. Бесағаш және Тұздыбастау ауылдарының шекаралық аймағы:
Алматы – Алатау тас жолындағы құбыр өткелі мен су басу қаупі бар аумақтар тексерілді. Судың өткізу қабілетін арттыру, арнаны тазалау және жағалауды нығайту шаралары талқыланды.
 2. Бесағаш ауылындағы көшкін қаупі бар учаске:
«Бурабай» коттедж қалашығындағы қауіпті еңістер қаралды. Қауіпті азайту және еңістерді нығайту бойынша шаралар талқыланды.
 3. Талғар қаласындағы сел ұстайтын бөгет:
Гидротехникалық нысанның техникалық жағдайы тексеріліп, 2025 жылға жоспарланған жөндеу жұмыстары қарастырылды.

Тексеру қорытындысы бойынша су тасқыны мен көшкіндердің алдын алу үшін алғашқы кезектегі шаралар айқындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға