Алматыда су құбыры жарылды
Бұл туралы Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы мәлімдеді
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
10.11.2022 19:02
1617
Алматыда су құбыры жарылды, деп хабарлайды El.kz.
«Алмалы ауданында Гоголь көшесінен төмен Шәріпов көшесінің бойында құбыр жарылды. Оқиға болған жерде апатты қалпына келтіру қызметі жұмыс істеуде. Мамандар апатты жоюмен айналысуда. Су басып қалуды жою үшін мотопомпалар жіберілді. Толық ақпарат кейінірек беріледі»,- деді Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы.
Құбырдан жоғары қарай атқылап жатқан судың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Оқиға салдарынан жол қозғалысы шектелді.
Дәл қазіргі уақытта оқиға орнында апаттық бригада мамандары жұмыс істеп жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық ІТ-мамандар тұңғыш рет кәсіби мерекесін атап өтуде
Келесі жаңалық
Ақтауда оқушы қыздар әжетханада қауіпті ойын ойнаған