Жаңалықтар

Алматыда синтетикалық есірткі өндіретін зертхана анықталды

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Алматыда синтетикалық есірткі өндіретін зертхана анықталды
Фото: polisia.kz 13.01.2023 19:00 1055

10 қаңтарында полицейлер арнайы операция жүргізіп, Талғар ауданының аумағында синтетикалық есірткі өндіретін зертхананы анықтады. Нарколаборатория Жаңалық кентіндегі үйлердің бірінде жұмыс істеген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Полиция қызметкерлері тінту жүргізіп, оның барысында 8,39 грамм "мефедрон" есірткі затын, 30 литр мөлшеріндегі прекурсорлар, салмағы 2 келі 162 гр БК-4, жалпы салмағы 2 келіден асатын метиламин, сондай-ақ 20 грамнан астам марихуананы әшкерелеп, тәркіледі. Сонымен қатар, есірткі құралдарын дайындауға және қолдануға арналған түрлі заттар тәркіленді.

Аталған дерек ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі бойынша Талғар ауданы ПБ-да тіркелді. Күдікті деп танылған 34 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға