Алматыда шетелдік әскерилер БҰҰ-ның «Бейбіт тұрғындарды кешенді қорғау» халықаралық курсына қатысты
Алматыда Бітімгерлік операциялар орталығында Германия, Иордания, Қытай, Тунис, Түркия және Франция Қарулы күштерінің әскери қызметшілері БҰҰ-ның «Бейбіт тұрғындарды кешенді қорғау» халықаралық курсына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Бейбіт тұрғындарды кешенді қорғау» курсына еліміздің Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрліктері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де қатысты.
Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінен
Сабақтар презентациялық түрде, әрі бейнематериалдарды қолдану арқылы ағылшын тілінде өтуде. Онда тыңдаушыларды БҰҰ бітімгерлік операцияларындағы бейбіт тұрғындарды қорғау тұжырымдамасының негізгі ережелерімен таныстырып, әлеуметтік осал топтардың қауіпсіздігін жоспарлау, ұйымдастыру және қамтамасыз ету кезіндегі жұмыс тәртібіне түсініктемелер береді. Қарулы қақтығыстарда бейбіт тұрғындар арасынан да құрбан болатындар аз емес. Сондықтан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі БҰҰ миссияларына қатысуды жоспарлап отырғандар үшін өтуі қажет осы оқыту курсын енгізді, – деп түсіндірді курс жетекшісі, Орталықтың бітімгерлік дайындық басқармасының офицері майор Серік Жұмабеков.
Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінен
Сөзінше, дайындық барысында орталық нұсқаушылар мен БҰҰ құрылымдарының мамандары аралас сценарийлер арқылы әлемдегі мәселелерді шешуді пысықтайды. Олар сонымен бірге топ құрамында әртүрлі жағдайларда туындайтын проблемалық мәселелерді талқылап, содан кейін пленарлық отырыстарда оларды шешу жолдарын қарастырады.
Бітімгерлер көбінесе қатал климаттық жағдайларда және шектеулі ресурстар шеңберінде бейбіт тұрғындарды қорғауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар тез өзгеретін ортада қауіпсіздік тұрғысынан тәуекелдер пайда болады. Біз мұның бәрін білім алушыларға жеткіземіз, – деп атап өтті БҰҰ-ның екі миссиясында жұмыс тәжірибесі бар жеке дайындық қызметінің бастығы майор Арман Тастанбеков.
Сабақ барысында тыңдаушылар қарулы қақтығыстардағы адам құқықтарының бұзылу түрлерімен танысып, гуманитарлық көмек көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасау аспектілерін, сондай-ақ күш-қуат қорғанысын қамтамасыз ету және азаматтардың түрлі зорлық-зомбылық түрлерінен қорғау қағидаттарын зерделейді.
Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінен