Жаңалықтар

Алматыда шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы мен психотроптық зат табылды

Алматыда шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы мен психотроптық зат табылды
Фото: polisia.kz 19.10.2024 18:11 478

Шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы мен психотроптық зат тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, көлік полициясының қызметкерлері Алматыдағы логистикалық компаниялардың бірінің филиалынан алыс шетелден келген күдікті пошта сәлемдемесін тапты.

Тексеру кезінде оның ішінен салмағы 895 грамм каннабис сығындысы (гашиш майы) және салмағы 623 грамм тетрагидроканнабинол психотроптық заты бар екі банка табылды. Қала әуежайында пошла жөнелтілімін күткен шетелдік ұсталды. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген мәліметте.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға