Алматыда шайбалы хоккейден тарихи Азия чемпионаты өтеді
Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) ұйымдастыруымен өтетін сары құрлық додасына Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытайқұрамалары қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Чемпионат 6-9 қарашакүндері Halyk Arena мұзсарайында өтеді.
Бұл турнир құрлықтың алғашқы чемпионаты ретінде еліміз үшін тарихи маңызға ие. Соныменқатар шайбалы хоккейден Қазақстан ерлерқұрамасы алғаш рет Алматыда өнер көрсетпек.
2016 жылы пайдалануға берілген Halyk Arenaкешеніндегі ең кейінгі халықаралық шайбалы хоккей жарысы 2017 жылғы қысқы Универсиада аясында өткен еді. Сол жылы еліміздің студенттерқұрамасы турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Сонымен қатар Алматы 2003 жылы біріншідивизиондағы жастар арасындағы әлемчемпионатының А тобының ойындарынқабылдаған. Шешуші матчта біздің жастарЖапония құрамасына есе жіберген еді.
Айта кетейік, Алматыдағы Азия чемпионаты 2025 жылдың 7-14 ақпан күндері ҚытайдыңХарбин қаласында өтетін Азия ойындарынадайындық жарысы болмақ.
Азия чемпионатының жарыс кестесі:
6 қараша
16:00 – Жапония – Қытай
19:30 – Қазақстан – Оңтүстік Корея
8 қараша
16:00 – Жапония – Оңтүстік Корея
19:30 – Қазақстан – Қытай
9 қараша
16:00 – Қытай – Оңтүстік Корея
19:30 – Қазақстан – Жапония.