Жаңалықтар

Алматыда үш адам жасөспірімдерді тонап кеткен

Күдіктілер 41 жастағы ер адамды да тонап кеткен
Алматыда үш адам жасөспірімдерді тонап кеткен
Фото: aikyn.kz 07.10.2022 18:09 1136

Алматыда қылмыс жасаған үш ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Алдымен, олар сағат 15:00 шамасында мектептен қайтып келе жатқан үш балаға шабуыл жасады. Олар кәмелетке толмағандардың ұялы телефондары мен ақшасын ашық түрде иемденіп алған. Арада бір жарым сағат өткен соң күдіктілер 41 жастағы ер адамды тонап кетті. Бұл жолы олар жәбірленушінің ұялы телефоны мен құжаттарын алып қойған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер дереу ұсталды. Олардың жасы – 24-34 аралығында», - деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Полиция өкілінің айтуынша, күдіктілер өз кінәсін мойындады. Аталған деректер бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес тіркелді. Ұялы телефон, құжаттар айғақты зат ретінде тәркіленді және іс материалдарына тіркелді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға