Алматыда «Сергек» камералары 3 миллионнан астам тәртіпсіздік дерегін анықтады
![Алматыда «Сергек» камералары 3 миллионнан астам тәртіпсіздік дерегін анықтады Алматыда «Сергек» камералары 3 миллионнан астам тәртіпсіздік дерегін анықтады](/storage/storage/element/2024/11/29/mainphoto/132061/1200xauto_Q1uxeApasoILbFqSwjdO2tZxUdkR388v7Ox0xxQO.jpg)
Алматыда жол-көлік оқиғаларының саны «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін енгізгеннен кейін 17%-ға азайған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жанабектің айтуынша, «Сергек» кешендерінің үш жылдық жұмысы барысында Алматы жолдарында апаттар мен өлім-жітім деңгейі айтарлықтай төмендеген.
Бүгінде мегаполисте 1641 «Сергек» кешені жұмыс істеп тұр, бұл 9152 бейнебақылау камерасын қамтиды. 2021 жылдан 2024 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта жолдардағы өлім-жітім 40%-ға, жол-көлік оқиғаларының саны 17%-ға, ал апат салдарынан жарақат алғандардың саны 30%-ға азайды, - деді ол.
Сонымен қатар, жоба іске қосылғаннан бері қалалық бюджетке 44,08 миллиард теңге түскен.
Айта кетейік, тек биылғы жылдың тоғыз айында Алматыда 3 миллионнан астам құқық бұзушылық тіркеліп, 18,6 миллиард теңгеден астам айыппұл өндіріліп отыр.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)