Жаңалықтар

Алматыда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қандай іс-шаралар өтеді

Алматыда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қандай іс-шаралар өтеді
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 29.05.2023 23:11 1481

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні сағат 9-да Алмалы ауданында Қарағайлы алаңында қала басшылығының, қоғам қайраткерлерінің, саяси қуғын-сүргін құрбандарының және жастардың қатысуымен 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Гүл қою рәсімі қаланың басқа да аудандарында жоспарланған:

- Әуезов ауданында Т. Рысқұлов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі 31 мамыр күні сағат 10:00-де Жандосов көшесі, 55 мекенжайындағы Нархоз университетінің алдындағы гүлзарда өтеді;

- Алмалы ауданында М. Тынышпаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі 30 мамырда сағат 09:30-да Шевченко көшесі, 97 мекенжайында, Т. Жүргенов ескерткішіне – 31 мамырда сағат 09:00-де Панфилов көшесі, 127 мекенжайында және А. Байтұрсынов ескерткішіне – 31 мамырда сағат 10:30-да Байтұрсынов көшесі, 60 мекенжайында өтеді.

- Алатау ауданында «Қандысай жазығы» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі 31 мамыр күні сағат 10:00-де Қарасу шағынауданы, Центральная көшесі, 37 мекенжайы бойынша өтеді;

- Бостандық ауданында О. Жандосов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі 31 мамыр күні сағат 10:00-де Жандосов көшесі-Гагарин даңғылының қиылысында өтеді.

- Медеу ауданында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихқа тағзым» концерті 31 мамыр күні сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ғимаратында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға