Жаңалықтар

Алматыда саябақта сөйлесіп отырған ғашықтардың телефонын ұрлап кетті

Алматыда саябақта сөйлесіп отырған ғашықтардың телефонын ұрлап кетті
Фото: Видеодан кадр 20.07.2023 15:27 708

Алматыда қоғамдық орында сөйлесіп отырған қыз бен жігіттің телефонын ұрлап кетті. Олар ұрының әрекетін байқамаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Жетісу ауданында Райымбек пен Сүйінбай даңғылдарының қиылысына жақын жерде орналасқан аллеяда болған. Орындықта отырған жұп бір-бірімен сөйлесіп отырып, арттарына ұрының қалай келгенін, телефонды қалай алып кеткенін байқамаған.

Оқиға таңғы төрт жарымда өрбіді. Ұрының қылмыстық әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл қылмысты ашуға жақсы көмек болды. Оңай ақшаға әуес болған 1990 жылы туған азамат С. қылмыстық кодекстің 188-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деді Жетісу аудандық полиция бөлімінің бастығы Жәнібек Шынасылов.

Оқи отырыңыз:

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға