Жаңалықтар

Алматыда салынып жатқан екі қабатты ғимаратта өрт шықты

Алматыда салынып жатқан екі қабатты ғимаратта өрт шықты
Фото: Видеодан кадр 27.03.2025 20:10 404

Алматы қаласында салынып жатқан екі қабатты тұрғын емес ғимаратта өрт шықты. Оқиға Медеу ауданында Жәнібеков көшесі бойында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Шақырту бойынша мекенжайға жеткен төтеншеліктер жоғары дәрежелі дабыл бойынша жұмыс істеген. Өрт оқпандары енгізіліп, өрт автоцистерналары су көздеріне жедел орнатылған. Суды үздіксіз беру қамтамасыз етілген. 

Өрт сөндірушілер алапат өртті толығымен сөндірді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қызыл жалынның көршілес құрылыстарға таралу қаупі жойылды. Өрттің толық ауданы мен оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.

Өрт орнында өрт зерттеу сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға