Жаңалықтар

Алматыда республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді

Бұл туралы “Орталық коммуникациялар қызметі” баспасөз конференциясында баяндалды
Алматыда республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді
Фото: El.kz 28.11.2022 14:54 1880

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, «Құрманғазы» оркестрінің ұйымдастыруымен республика көлемінде өтетін өнер жарысы 1-3 желтоқсан аралығында Алматы қаласында өтеді. Бүгінде додаға қатысушы саны – 45. Бас жүлдеге ие деп танылған күйшіге 1 миллион теңге сыйақы беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

16-35 жас аралығын қамтыған күй саласының білікті мамандары бақ сынасатын сайыстық мақсаты – ғасырлап қойнауынан сыр шертетін ұлттық дәстүр мәйегін дәріптеу. Қасиетті күй өнерін жаһандану заманында қазақ деген жүректе сақтап қалу керек дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет комитеті төрағаның орынбасары Данияр Алиев.

«Мәдениетті қолдау аясында түрлі іс шаралар атқарылып жатыр. Қазақтың жүрегінде ойып тұрып орын алатын жаны мен тарихын дәріптейтін қасиетті өнерді қолдау керек. Құрманғазы оркестірі бұл шараны екініш рет ұйымдастырып отыр. Алғашқысы Талдықорған қаласында өткен болатын. Ал болатыны министрліктің тікелей қолдауымен жоғары деңгейде өтеді деген сенімдеміз. Заманауилық деген жақсы ғой. Дегенмен төл өнерді жастар арасында насихаттауды басты назарда ұстау керек» – деді ол.

Аталмыш сайысқа тіркелу қыркүйек айында басталған. Негізіг қатысушылар саны 65-ті құраса, бүгінде өтініш бергендер қатары 45 өнерпазды құрайды. Бұл орайда, республикалық деңгейге бұл көрсеткіш төмен емес пе деген сұрақ туындайды.

«Домбыраның қасиетін білмейтін қазақ жоқ. Салт, сана, ғұрып, дәстүр, дәулет барлығын бір күймен түйіндеуге болады. Өздеріңіз білетіндей кезінде қайғыны да, қуанышты да домбыраның үні арқылы жеткізген. Өнер сүйер қауым көп болса да, төл өнерге жан тәнін салатындар аз кем. Біз ішінен ең мықтыларын таңдайтын боламыз. Осында шаралар көптеп өткізіліп отырса, сұраныста артатын болады» – дейді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Қуанышев.

Жеңімпаздарда ақшалай сыйлықтар дайындалған: бас жүлде – 1 миллион, бірінші орын – 700 мың, екінші орын – 500 мың, үшінші орын – 300 мың теңге.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға