Жаңалықтар

Алматыда Қытай азаматы қалта ұрлығы үшін ұсталды

Алматыда Қытай азаматы қалта ұрлығы үшін ұсталды
Фото: alashainasy.kz 14.02.2023 20:14 1280

Алматыда Қытай азаматы қалта ұрлығы үшін ұсталды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шетелдік азаматтың жалғыз өзі әрекет еткендігі анықталды. Қалта ұрысы ұсталды.

– 1996 жылы туған Қытай азаматы смартфон ұрлады деген күдікке ілінді. Белгілі болғандай, қаскөй, адам көп жиналатын жерлерде, көше қиылыстарында, бағдаршамдарда қылмыс жасаған. Соңғы ұрлықты ол Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде жасаған. Ол өтіп бара жатқан адамның қалтасынан IPhone телефонын ұрлап, сол арқылы жәбірленушіге 620 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Күдіктіні біздің бөлімше қызметкерлері мен қаланың криминалдық полициясының арнайы тобындағы әріптестері ұстады, – деді, Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Тергеушілер қазір анықталған эпизодтар бойынша дәлелдемелер базасымен жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, ұсталған азаматтың қаланың басқа да аумақтарында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға