Жаңалықтар

Алматыда құмар ойын ұйымдастырушылар ұсталды

Алматыда құмар ойын ұйымдастырушылар ұсталды
Фото: Pixabay.com 10.05.2023 17:00 610

Алматыда ставкалар мен ақшалай ұтыстарды көздейтін казино түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген тінту барысында ойын карталары мен фишкалар, үстел жапқышы (мата), ойыншылардан ұйымдастырушылардың бірінің карточкалық шотына аударылған қаражат табылып, тәркіленді.

Ойын өтетін күні ұйымдастырушылар ойын туралы SMS жіберіп, ойыншыларды жабық тізім бойынша шақыратыны, дилерлер мен даяшыларды жұмысқа тартатыны анықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды, - деп жазды департамент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға