Жаңалықтар

Алматыда Қожанов көшесіндегі қозғалыс шектеледі

Алматыда Қожанов көшесіндегі қозғалыс шектеледі
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 26.06.2024 17:00 118

2024 жылғы 27 маусым мен 15 қыркүйек аралығында Алматының Бостандық ауданында Алмагүл шағын ауданының 15 үйінен Жароков көшесіне дейін Қожанов көшесі бойынша автокөлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық әкімдігінің мәліметінше, қозғалыс екі жаққа да жабылады.

1976 жылдан бастап пайдалануға берілген, аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жалпы ұзындығы 1240 метр құбырды қайта жаңарту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Бұл құбыр 153 көппәтерлі тұрғын үйді, 7 жеке үйді, 5 балабақшаны, 4 білім беру объектісін, 2 денсаулық сақтау объектісін және 15 Өзге де объектіні жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Аталған тұтынушыларға реконструкция жүргізу кезеңінде ыстық сумен жабдықтау сақталады, - делінген мәліметте.

Әкімдік уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға