Алматыда қоймалардың бірінен шыққан өрт оқшауланды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
12.08.2023 10:48
1065
Бүгін таңғы уақытта Алматы қаласының Жетісу ауданында Москвин көшесіндегі қоймалар өрт шығып, бірнеше сағаттан кейін толық оқшауланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Төтенше оқиғадан кейін бірден жедел штаб, бірнеше өрт сөндіру учаскелері құрылғаны белгілі болды. Ғимараттың құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты өрттен нысанның құлау қаупі туындаған. Осыдан кейін көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді.
Аталған өртті сөндіруге ТЖД 25 техникасы, 85 адамы, сондай-ақ қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылғаны айтылды. Жедел әрекеттің нәтижесінде 2250 ш.м. аумақ толық оқшауланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға