Жаңалықтар

Алматыда қоғамдық көліктер Наурыз мерекесіне орай безендірілді

Алматыда қоғамдық көліктер Наурыз мерекесіне орай безендірілді
Фото: instagram.com/akimat_almaty 20.03.2025 23:10 378

Алматыда Наурыз мейрамына орай қоғамдық көліктер  мерекелік элементтермен безендірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

20 наурыз бен 22 сәуір аралығында қала көшелерінде Наурыздың дәстүрі мен рухын бейнелейтін 90 автобус және 10 троллейбус жүреді. 

«Алматыэлектротранс» ЖШС мәліметінше, қоғамдық көліктер ұлттық ою-өрнектермен және табиғаттың жаңаруы мен көктемгі оянуды бейнелейтін суреттермен безендірілген.

Безендірілген көліктер жолда мерекелік атмосфера құрып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлайтын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға