Оңтүстік астанада қоғамдық көліктен өрт шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
15 ақпан түскі сағат 12: 38 шамасында Алтынсарин даңғылында №95 бағыттағы автобус өртенді. Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған.
Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына келгенге дейін № 95 бағыттағы автобустың жүргізушісі Құрманғазы Мақашев ұнтақты өрт сөндіргіштерді қолданып, отқа оранған ауа өткізгіш құрылғысын сөндірген, - деп хабаралады департаменттен.
Салонда жолаушылар болмаған. Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
2024 жылғы «Алтын допқа» үміткерлер тізімі анықталды