Жаңалықтар

Алматыда қоғамдық автобустар жаңартылып жатыр

Алматыда қоғамдық автобустар жаңартылып жатыр
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 19.08.2023 14:54 1054

Алматыда қалалық маршруттарда дизельді автобустар жаңартылып жатыр, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі

21 тамыздан бастап №24 және №125 маршруттардың жылжымалы құрамы жаңартылып жатыр. Бұған дейін №24 маршрутта 6 дизельді автобус жұмыс істеген. Оның орнына енді 12 жаңа газбен жүретін автобус қызмет етеді. Жолаушылардың сұранысы бойынша бұл бағыт ұзартылды. Ендігі бағыт Сайын - Момышұлы - Төле би - Розыбакиев - Өжет ықшам ауданына дейін Солтүстік айналма көшесімен жүретін болады. Алдыңғы маршрут ҮАК бойымен жүретін. Жаңартудан кейін қозғалыс жиілігі 20 минуттың орнына 12-13 минутты құрайтын болады.

№125 маршруттың жылжымалы құрамы толығымен жаңартылады, онда бұрын 6-7 дизельді автобус жүрген болатын. 21 тамыздан бастап осы бағытта 10 жаңа газбен жүретін автобус шығарылады. Бұған дейін аталған маршруттың жиілігі 40 минутқа дейін ұзарған, жаңа автобустар шыққаннан бастап жүру жиілігі 15-18 минутқа дейін төмендейді деп күтілуде. Барлық жаңа автобустар орташа сыйымдылықта, он метрлік, едені төмен, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға жағдайлар қарастырылған. Салқындату жүйесімен және пешпен жабдықталған, - деп жазылған Алматы әкімдігі таратқан ақпаратта. 

Алматыда ағымдағы жылы коммуналдық автопарк 600 газ автобусы мен 100 троллейбус сатып алуды жоспарға енгізген болатын. 100 автобус қалаға келді және құжаттар ресімделгеніне қарай желіге шығарылып жатыр. Қалған автобустарды жыл соңына дейін қалаға жеткізу жоспарланып отыр. 

Жол жөндеу жайлы соңғы ақпаратты қала әкімдігінің, қалалық мобильділік басқармасының ресми парақашалыран, Almaty_Joly телеграм арнасынан оқуға болады, сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс картада көрсетілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға