Жаңалықтар

Алматыда ҚМА Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті

Алматыда ҚМА Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті
Фото: ҚМА 22.11.2024 18:05 355

Бүгін Алматыда Қаржылық мониторинг агенттігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА өкілдері мен Кеңес мүшелерінің бұл кездесуі жұртшылықпен және өңірлермен өзара іс-қимылға, сондай-ақ осы саладағы қаржылық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтауға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға маңызды қадам болды.

Отырыс барысында Агенттік қызметкерлері әлеуметтік маңызы бар тауарлар нарығында делдалдарды жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Кеңес мүшелеріне электрондық шот-фактуралардың деректері негізінде ӘМАТ-қа рұқсат етілген сауда үстемесінің асып кету фактілерін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беретін Талдамалық жүйенің мүмкіндіктері таныстырылды.

Биыл Агенттік әкімдіктер жанындағы өңірлік комиссиялардың атына 650-ден астам материал жіберді, олар бойынша 350 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы жүйеде мониторингпен әлеуметтік мемлекеттік мекемелер қамтылған. Оның 600-ден астамы 350 млн-нан астам бюджет қаражатын үнемдей отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қайта қарады.

Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы жобаны іске асыру нәтижелері де таныстырылды. ҚМА аналитикалық жүйенің көмегімен қаржылық және алаяқтық жобалардың жарнамасы бар-жоғын тексеретін интернет-кеңістіктің мониторингін жүргізеді.

Нәтижесінде ұйымдастырушылар анықталып, олардың қызметіне жол бермеу шаралары қабылданады. Осындай алгоритм арқылы ағымдағы жылдың басынан бастап 28 қаржы пирамидасы жойылды, 12 мыңға жуық сайт, 25 жалған қаржы жобасы бойынша 300-ге жуық чат және әлеуметтік желілердегі аккаунттар бұғатталды, "Baiqa piramida" Telegram-ботымен азаматтардан түскен 9 мыңнан астам сұраныс қаралды.

Кеңес сондай-ақ Агенттіктің Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменттерінің өңірлердегі көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі басшыларын тыңдады. Агенттік төрағасы Жанат Элиманов қаржылық мониторинг қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында жұртшылықпен сындарлы диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Бұл шаралар Қоғамдық кеңес мүшелері айтқан экономикалық қауіпсіздік саласындағы заңнамалық базаны жетілдіруді қамтамасыз етіп қана қоймай, қолданыстағы заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын одан әрі қабылдауға тиімді әсер етеді.

Өз кезегінде Кеңес мүшелері ӘМАТ бағаларын мониторингілеу тетігін жетілдіруге және қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл жөніндегі күш-жігерді біріктіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға