Алматыда қазақстандық өндірушілер көрмесі басталды

Фото: ulttyqonim.kz
Фото: ulttyqonim.kz
05.05.2023 08:08
1422
5-7 мамыр аралығында «Атакент» көрме орталығының 11-ші павильонында отандық тауар өндірушілердің Ulttyq ÓNIM көрмесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көрме барысында лотерея, азық-түлік дегустациясы, сән көрсетілімі, семинар, тренингтер өтеді. Көрме қонақтары Қазақстанның түкпір-түкпірінен келетін кәсіпкерлердің ең үздік тауарларын өз бағасына сатып ала алады.
Көрменің алғашқы күні бас сахнада қазақстандық өндірушілердің тіккен киімдерінен сән көрсетілімі өтеді. Ал екінші күні азық-түлік алып келген компаниялар өнімдерін «Халық Таңдауы» дегустация байқауына ұсынады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
eGov.kz арқылы онлайн алуға болатын құжаттар саны артты
Келесі жаңалық
FlyAryatan бортында жолаушының рюкзагы өртенді