Жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты экспозиция басталды

Алматыда «Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты экспозиция басталды
Фото: Қазақстан Ұлттық банкі 08.11.2023 21:15 712

Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтіп жатыр. Экспозиция ұлттық валюта – теңгенің айналымға енгізілгеніне 30 жыл толуын мерекелеуге орайластырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Экспозицияны өткізудегі негізгі мақсат – ҚҰБ-тың жаңа инвестициялық монеталарын, сондай-ақ Қазақстанның коллекциялық және инвестициялық монеталарын шығару саласындағы инновациялық технологияларды таныстыру.

Монета өнімін жасауға кәсіби көзқарас Қазақстанға салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде әлемдегі ең үздік өндірушілердің қатарына кіруге мүмкіндік берді. Мұны әртүрлі номинация бойынша ұсынылған көптеген марапат растады. Оның ішінде өндіріс сапасы, дизайны, технологияның жаңашылдығы үшін берілген номинацияларды ерекше атап өткен жөн, - деді көрмені ашқан ҚҰБ төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин.

Көрмеде ҚҰБ алғаш рет KÓKBÓRI инвестициялық монеталарының ребрендингін таныстырды. Онда «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері»  монеталар сериясының көркемдік тұжырымдамасы қолданылған. Дизайнындағы жаңалық пен көркемдігі KÓKBÓRI монеталарына тек инвестициялық құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар оны  коллекциялауға, сыйлық ретінде ұсынуға деген қызығушылықты арттырады.

Көрмеге келушілер алтыннан, күмістен, сондай-ақ басқа да бағалы емес металдардан соғылған 150-ден астам түрлі монетамен таныса алады. Оларды әзірлегенде кейінгі жаңа технологиялар қолданылған. Сонымен қатар экспозицияға халықаралық байқауларда үздік деп танылған монеталар қойылды. Салмағы 1 кг болатын, сирек кездесетін монета үлгілері де назарға ұсынылып отыр.К

Көрмеге қойылған экспонаттарда еліміздің қалыптасуы мен дамуының негізгі мәдени, саяси және тарихи кезеңдері бейнеленген, сондай-ақ олар халқымыздың салт-дәстүрін танытады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға