Жаңалықтар

Алматыда Қазақстан мен Қырғызстанның кинологиялық қызметтерінің арнайы оқу-жаттығуы өтті

Алматыда Қазақстан мен Қырғызстанның кинологиялық қызметтерінің арнайы оқу-жаттығуы өтті
Фото: Polisia.kz 22.09.2023 01:07 649

Алматыда Қазақстан мен Қырғызстанның кинологиялық қызметтерінің арнайы оқу-жаттығуы аяқталды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің мәлімдеуінше, «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының» 71-тармағын орындау мақсатында ІІМ Кинологиялық орталағының базасында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің «Канал-Перехват» ауқымды халықаралық есірткіге қарсы операциясы шеңберінде екі елдің кинолог-мамандарының бірлескен оқу-жаттығулары өткізілді.

Айта кету керек, бұл операция есірткінің трансұлттық заңсыз айналымының алдын алуға, есірткі контрабандасының арналарын жабу бойынша практикалық міндеттерді шешуге, есірткі бизнесінің экономикалық негіздеріне нұқсан келтіруге, оның ішінде есірткі табыстарын заңдастыруға бағытталған. Оқу-жаттығу барысында кинолог-мамандар оқытудың озық тәжірибесін енгізу және қызметтік-іздестіру иттерін үйрету, төртаяқты көмекшілерді есірткі іздеуден бастап, қылмыс орындарында сақталған иістермен жұмыс істеуге дейінгі түрлі жедел міндеттерде практикалық қолдану бойынша тәжірибе алмасты. Кинологиялық қызметтердің синтетикалық есірткі, героин және марихуананы анықтауға қатысуына ерекше назар аударылды.

Кинологтар мен қызметтік иттердің практикалық сабақтары «Қазпошта» АҚ базасында өткізілді. Мұнда пошта жөнелтілімдерін, оларда есірткі бар-жоғын зерттеу тактикасы пысықталды.

Оқу-жаттығуға қатысушылар мен “Канал-Перехват” арнайы операциясына қатысушы мемлекеттердің өкілдері қазақстандық кинологтардың иттерді синтетикалық есірткілерді іздеуге үйретудегі жетістіктерін атап өтті. Бұл біздің мамандардан негізгі заттың химиялық формуласы өзгерген кезде де әмбебап болып табылатын және өзгермейтін есірткінің иіс имитаторларын іздеу бойынша жеке әдістемені әзірлеуді талап етті. Оқу-жаттығу барысында екі мемлекеттің кинологтары қарулы қылмыскерлерді қиын жағдайда ұстау бойынша жаттықты.

Жиынға қатысушылар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтері арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға, тиісті халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік алды. 2023 жылы ІІМ Кинологиялық орталығының қызметтік иттері синтетикалық есірткілерді іздеуге үйретілді.

Орталықта еліміздің әр аймағынан 100-ге жуық маман қызметтік иттерімен бірге оқытудан өтті. Полицияда жұмыс істеу үшін  27 күшік өсірілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға