Жаңалықтар

Алматыда қаза тапқан отбасының бір ұлы аман қалды

Алматыда қаза тапқан отбасының бір ұлы аман қалды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі 08.02.2024 15:00 1362

Ерболат Досаев лай көшкіні салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша, отбасының барлық мүшелерін жерлеуді ұйымдастыру үшін көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта елден тыс жерде оқитын қаза болған отбасының үлкен ұлына білім алуға және елімізге келген соң өмір сүруіне материалдық қолдау көрсетілетін болады.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Техногендік сипаттағы лай көшкіні салдарынан қираған үй астынан 1984 жылғы ер адам, 1980 жылғы әйел және 2007 жылғы егіз жасөспірімдер өлі табылды.

Құтқару қызметі Медеу ауданындағы қираған үйде тұрған отбасы мүшелерін іздеуді аяқтады. Қайғылы оқиға 4 адамның өмірін қиды. Мен қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақпын. Оларға шын жүректен қатты қайғырып, көңіл айтамын, - деді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, 8 ақпанда түнгі сағат 2-20-да Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануынан лай көшкіні жүргені хабарланды. Төтенше жағдай салдарынан үйлерге зақым келді. Көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түскен. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға