Алматыда қалта ұрыларынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: iStock
Фото: iStock
10.09.2024 17:25
543
Алматыда қалта ұрыларынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, ҰҚТ-ның жетекшісі мен 11 мүшесі анықталды. Олар өткен жылдың қарашасынан бері қоғамдық көлікте торуылдап, азаматтардың құнды заттарын ұрлаған.
Орташа есеппен, қылмыскерлердің күнделікті заңсыз табысы шамамен миллион теңгеге жеткен.
Сот үкімімен қылмыстық топтың 9 мүшесі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды, – делінген прокуратура хабарламасында.
ҰҚТ-ның екі мүшесіне іздеу жарияланып, оларға қатысты жеке тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АЭС-ті қолдау ғылымды қолдау екенін түсінуіміз керек – эколог
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты