Алматыда бір топ қалта ұрысы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық криминалдық полицияның айтуынша, қылмыстық үштік тек қоғамдық көлікте ұрлық жасап жүрген. Топтың құрамында басқалардың күдігін тудырмайтын әйел де бар.
Бұл үштіктің бір ерекшелігі бар – олардың барлығы бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған. Күдіктілер ұсталды және қамауға алынды. Әйел 45 жаста, оның “әріптестері” 25 және 36 жаста. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде күдіктілер қоғамдық көлікте 4 телефон ұрлағаны үшін қамалды. Айғақты заттар тәркіленді, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.
Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шерзат Болаттың әкесі халықтан ақша жинамағанын айтты
Келесі жаңалық
ТЖМ қызметкері Азия рекордын орнатты