Алматыда полицейлер толғағы қысқан әйелді перзентханаға шұғыл жеткізді
![Алматыда полицейлер толғағы қысқан әйелді перзентханаға шұғыл жеткізді Алматыда полицейлер толғағы қысқан әйелді перзентханаға шұғыл жеткізді](/storage/storage/element/2025/02/06/mainphoto/141389/1200xauto_5JMPoeTnhslwi9InB4ZZ4sWQvEDiNJj0GcSdMSiw.png)
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
06.02.2025 15:53
112
Құлжа тасжолындағы туристік полиция бекетінде Toyota көлігінің жүргізушісі тәртіп сақшыларынан көмек сұрады. Оның айтуынша, жұбайы толғатып жатқан, алайда олар кептелісте қалып қойған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Патрульдік полиция қызметкерлері Айнұр Әлімқұлова мен Шынболат Қоқанбаев дереу әрекет етті. Перзентхана қаланың басқа бөлігінде орналасқандықтан, әр секунд маңызды болды. Сақшылар әйелді дер кезінде ауруханаға жеткізді. Осылайша, бұл отбасында екінші сәби — ұл бала дүниеге келді.
Ана мен нәрестенің жағдайының жақсы екеніне көз жеткізген тәртіп сақшылары өз қызметтерін жалғастырды.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Алматы тұрғынының АҚШ-тан келген мармелад үшін басы дауға қалды