Алматыда полицейлер самокатпен жүреді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
14.09.2023 10:56
670
Алматыда тәртіп сақшыларына самокаттар беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық Полиция департаментінің басшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, бұл полиция қызметкерлеріне жол ережесін бұзатын самокат айдаушыларды тезірек қуып жетуге көмектеседі.
Әзірге бұл тестілік режимде бір ауданда ғана жүзеге асырылуда. Дегенмен алдағы уақытта шаһардың барлық жеріндегі саябақтар мен скверлерде самокат мінген тәртіп сақшылары жүруі мүмкін. Кейде самокат мінгендер тротуармен қашуға тырысады. Ол жаққа полиция көлігімен өте алмайсың. Мұндайда тәртіп сақшылары жаяу қууға мәжбүр болады. Сондықтан тұрақтарда патрульдерге тәртіпті сақтау үшін самокаттар берілуі мүмкін, - деді Әзірбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға