Жаңалықтар

Алматыда покер ойынханасын заңсыз ұйымдастырған топ сотталды

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді
Алматыда покер ойынханасын заңсыз ұйымдастырған топ сотталды
Фото: egemen.kz 07.09.2022 13:31 870

Алматыда монша кешенінде астыртын ойынхана қызметін ұйымдастырған топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы El.kz порталы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Тергеу барысында 6 адам заңнамада белгіленген орындардан тыс жерде «Покер» ойнайтын жер ұйымдастырып, 22,5 млн теңгеден астам аса ірі көлемде кіріс алғаны анықталды. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде казинода ойыншы мен қызметкерлер болған, әртүрлі номиналдағы ойын фишкалары, карталары және басқа да қылмысты дәлелдейтін заттар тәркіленді. Сонымен қатар, астыртын казинода тек тексерілген клиенттерге кіруге мүмкіндік беретін жүйе орнатылған», - делінген ресми мәлімдемеде.

Агенттік мәліметінше, айыпталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға