Жаңалықтар

Алматыда Plastic Reboot пластик жинау акциясы басталды

Алматыда Plastic Reboot пластик жинау акциясы басталды
Фото: Pixabay 18.10.2024 22:41 124

Алматыда пластик қалдықтарды жинауға және қайта өңдеуге бағытталған Plastic Reboot экологиялық акциясы бастау алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала тұрғындары пайдаланылған пластик бөтелкелер мен қаптамаларды өткізіп, әрбір пластик үшін 5 теңге көлемінде ақшалай сыйақы ала алады.

Қабылдау пункттері 18-24 қазан аралығында Экохаб, Оқушылар сарайы, Инновациялық шығармашылық орталықтары мен комьюнити орталық базасында ашылды. Қабылданатын пластик тамақ немесе сұйықтық қалдықтарынсыз таза болуы қажет.

Акция сусындарға арналған пластик бөтелкелерді, тұрмыстық химия мен азық-түлік қаптамаларын, 5-ші белгісі бар бір реттік ыдыстарды қайта өңдеуді қолдайды. Тұрмыстық техникадан, көліктерден алынған және белгісі жоқ пластик қабылданбайды. Толық ақпарат карусельде көрсетілген.

Мектеп оқушылары «Мейірімді қақпақ» бағдарламасы аясында бөтелке қақпақтарын жинауға қатыса алады, ал үздік қатысушыларға оларды кәдесый ретінде қайта өңдеу ұсынылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға